Qaznet сенімді сертификатын орнату

Біздің компания абоненттерге интернетке қолжетімділігі бар барлық құрылғыларға «Қауіпсіздік сертификатын» орнату қажеттілігі туралы хабарлайды.

Қазақстан азаматтарының жеке және тіркеу деректерін, сондай-ақ банк шоттарындағы қаражатты ұрлау жағдайларының жиілеуіне байланысты ақпараттық кеңістікті хакерлерден, интернет-алаяқтардан және басқа да киберқауіптерден қорғаудың тиімді құралы ретінде қауіпсіздік сертификаты енгізілді.

Қауіпсіздік сертификатын енгізу ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғауды күшейтуге, сондай-ақ елдің ақпараттық кеңістігіне, жеке секторға, оның ішінде банк жүйесіне бағытталған хакерлік және кибершабуылдарды олардың зиян келтіруіне дейін анықтауға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамалары бар интернет-трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы. Осылайша, ол Қазақстандағы интернет пайдаланушыларын хакерлік шабуылдардан және заңсыз контенттің таралуынан қорғауға мүмкіндік береді.

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларының» 11-тармағына сәйкес Компания интернетке қолжетімділігі бар құрылғыларға «Қауіпсіздік сертификатын» орнату қажеттілігі туралы абоненттерді хабардар етеді. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасалған абоненттер арасында қауіпсіздік сертификатын таратуды қамтамасыз етеді.

Пайдаланушылардың назарына қауіпсіздік сертификаты интернетке шығатын әрбір құрылғыға жеке орнатылуы тиіс екенін жеткіземіз. Бұл iOS және Android жүйесіндегі смартфондар мен планшеттерге, Windows және macOS жүйесіндегі дербес компьютерлер мен ноутбуктерге қатысты.

Абонент құрылғыларында қауіпсіздік сертификаты орнатылмаған жағдайда кейбір интернет-ресурстарға қол жеткізу кезінде техникалық шектеулер туындауы мүмкін.


Сертификатты жүктеп алу