Құпиялылық саясаты

  1. «Оптинет» ЖШС өзінің Абоненттері мен https://optinet.kz Сайтына келушілердің (бұдан әрі – «Сайт») ақпараттарының құпиялылығы мәселесіне жауапкершілікпен қарайды. Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына (бұдан әрі – «Заң») сәйкес дербес деректер деп танылатын ақпаратқа, атап айтқанда, тегі, аты, әкесінің аты, тіркелген мекенжайы, тұрғылықты жері, байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайлары, банктік шот нөмірлері, жеке немесе заңды тұлғаның ресми деректемелері, Абоненттің және/немесе Сайтқа келушінің логині мен құпиясөзі, сондай-ақ Сайтта жасалған әрекеттер туралы ақпарат (мысалы: Абоненттің байланыс деректері көрсетілген тапсырысы) жатады. Анонимді деректер деп нақты бір Абонентпен және/немесе Сайтқа келушімен бірмәнді сәйкестендіру мүмкін емес деректерді атаймыз (мысалы: Сайтқа кіру статистикасы).
  2. Абоненттер мен Сайтқа келушілердің Сайтта әрекеттер жасау барысында дербес деректерін ұсынуы Заңға сәйкес дербес деректер субъектісінің оларды өңдеуге нақты, ақпараттандырылған және саналы түрде берген келісімі болып табылады. Абонент және/немесе Сайтқа келуші Сайтта дербес деректерді беруді көздейтін әрекеттерді жасау арқылы дербес деректерге жататын ақпаратты жинауға, сақтауға және өңдеуге, оның ішінде автоматтандырылған түрде өңдеуге келісім береді. Мұндай өңдеуге деректерді жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (оның ішінде үшінші тұлғаларға беру), иесіздендіру, бұғаттау және жою кіреді. Дербес деректерді өңдеу тек Абонентпен шарт жасасу, шартты тиісінше орындау, Абонентпен есеп айырысу, Абонентке қатысты заңдық салдар туындататын шешімдер қабылдау немесе өзге де әрекеттер жасау, Абонентке Компания көрсететін қызметтер туралы ақпарат беру, үшінші тұлғалар алдындағы шарттық міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Компания және/немесе оның контрагенттері мен серіктестері әзірлейтін және/немесе ұсынатын жаңа өнімдер мен қызметтер туралы Абонентті хабардар ету мақсатында жүзеге асырылады.
  3. Келісім Абонент және/немесе Сайтқа келуші тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін, жоғарыда аталған ақпаратты қамтитын тиісті ақпараттың немесе құжаттардың сақтау мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. Сонымен қатар, келісімді Абонент және/немесе Сайтқа келуші келісімді кері қайтарып алу күніне дейін кемінде 3 (үш) ай бұрын тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы кері қайтарып ала алады. Дербес деректерді өңдеуге берілген келісімді кері қайтарып алу Абоненттің Қызметтерден біржақты бас тартуын білдіреді.
  4. Егер Абонент және/немесе Сайтқа келуші өзінің дербес деректерінің өңделуін қаламаса, ол осы Құпиялылық саясатының 8-тармағында көрсетілген байланыс деректері бойынша хабарласуы тиіс. Бұл жағдайда Абоненттен және/немесе Сайтқа келушіден алынған барлық ақпарат, оның ішінде логин мен құпиясөз, Абоненттік базадан жойылады және Абонент және/немесе Сайтқа келуші Сайт арқылы Қызметтерге тапсырыс бере алмайды.
  5. Компания алған ақпаратты жария ету:
    1) Компания Абоненттен алынған ақпаратты жария етпеуге міндеттенеді. Компанияның Абонент алдындағы міндеттемелерін орындау мақсатында Компаниямен жасалған шарт негізінде әрекет ететін агенттерге және үшінші тұлғаларға ақпарат беру бұзушылық болып саналмайды.
    2) Ақпаратты заңның негізді және қолданылатын талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талабы бойынша жария ету міндеттемелерді бұзу болып саналмайды.
  6. Сайтта «cookies» технологиясы қолданылады. «Cookies» құпия ақпаратты қамтымайды және үшінші тұлғаларға берілмейді.
  7. Абоненттің және/немесе Сайтқа келушінің есептік жазбасын үшінші тұлғаның немесе зиянды бағдарламалық қамтамасыз етудің пайдалануына күдік туындаған жағдайда, Сайт қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермеу мақсатында логиннің құпиясөзі өзгертіледі.
  8. Байланыс деректері
    Осы саясатқа қатысты сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз:
    help@optinet.kz